COVID-19 вирусының екінші толқынына қарсы 24 млрд теңгеге дәрі-дәрмек алынбақ

782

Осылайша екі айға жетерлік қор құрылмақ.  

COVID-19 вирусының екінші толқынына қарсы 24 млрд теңгеге дәрі-дәрмек алынбақ

Біздің Үкімет коронавирустың екінші толқынына қарсы 24 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алмақшы, деп хабарлайды Atameken Business.

Бірыңғай дистрибьютордың логистикалық хабына барған Премьер-министр қауіпті дертті емдеуге арналған препараттардың қолда барымен танысты. Салаға жауапты министр Алексей Цойдың айтуынша, осы жерден ауруханаларға 8,7 млрд теңгеге тең 91 атаулы медициналық өнім жеткізілген. Алдағы уақытта қосымша тағы бірнеше партиясы алынбақ. Ол үшін жоспарлы рейстер санын 1,7 есеге арттырып, тиеу мерзімі 1 аптаға дейін қысқарыпты. Сондай-ақ, министрлік амбулаториялық деңгейдегі науқастарға тегін ұсынылатын дәрілер тізімін кеңейтпек. Енді бұл қатарға парацетамол, ибупрофен, ривароксабан, дабигатран және апиксабан енгізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу