"COVID-19 зертханадан тараған" дегенді Қытай тағы да жоққа шығарды

979

Бұған дейін АҚШ билігі SARS-CoV-2 коронавирусы Қытайдағы зертханадан тарағанын дәлелдейтін деректердің бар екенін жариялаған еді. 

"COVID-19 зертханадан тараған" дегенді Қытай тағы да жоққа шығарды

АҚШ-тың "коронавирус Қытайдағы зертханадан шыққан" деген мәлімдемесін ресми Бейжің жала жабу деп атады. Президент Джо Байден вирустың қай жерде пайда болғандығы туралы деректерді тексеруді тапсырғаннан кейін,  бұл мәлімдеме Вашингтондағы дипломатиялық миссияның сайтында жарияланды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Қытай елшілігінің пікірінше, COVID-19-дың пайда болуын саясатпен байланыстыру вирустың қайдан шыққанын тергеу жұмыстарын қиындатып, індетті ауыздықтауға кедергі келтірмек.Сонымен қатар дипломатиялық миссия әлемде табылған барлық COVID-19 фактілерін жан-жақты зерттеуді, құпия базалар мен биологиялық зертханаларды мұқият тексеруді қолдайтынын мәлім етті. 

Бұған дейін АҚШ билігі SARS-CoV-2 коронавирусы Қытайдағы зертханадан тарағанын дәлелдейтін деректердің бар екенін жариялаған еді. Ресми Бейжің болса, вирустың зертханадан шыққанын жоққа шығарып келеді. Наурыз айының соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың пайда болуын анықтау үшін Ухань қаласына мамандарын жіберген болатын.Ұйымның сол кездегі мәліметі бойынша, қауіпті дерттің зертханадан шыққаны расталмады.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу