COVID-19: Жағдайы өте ауыр науқастар саны екі есе азайды

654

Кейінгі бір айда қазақстандықтардың коронавирус жұқтыруы 2,4 есе төмендеді. Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Алматы, Шымкент қалалары вакцинациялау бойынша алдыңғы лектен көрінді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

COVID-19: Жағдайы өте ауыр науқастар саны екі есе азайды

"Осы өткен бір айдағы деректер бойынша, сырқаттану 2,4 есе төмендеді. Жағдайы ауыр және өте ауыр науқастар саны екі есе азайды", – деді Цой.

Ал инфекциялық төсек-орындардың қамтылуы 39 пайыздан 33 пайызға, реанимациялық төсек-орындардың қамтылуы 40 пайыздан 31 пайызға төмендеген.

"Бүгінде вакцинаның 14,4 миллион дозасы пайдаланылды. Оның ішінде бірінші компонентті 7,7 миллион адам егілді. Бұл – егілуге тиіс халықтың 77,9 пайызы. Екінші компонентті 6,7 миллион адам (67,8%) алды. Ал вакцинациямен қамтуда Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары, Алматы және Шымкент қалалары көшбасшы болып табылады", – деді Цой.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу