Covid-19: Жапония бюджеттен тағы да қаражат бөледі

719

Елдегі науқастардың саны 18 мыңға жетті. 

Covid-19: Жапония бюджеттен тағы да қаражат бөледі

Жапония парламентінің жоғарғы палатасы коронавирус пандемиясымен күреске 298 млрд доллар шығындауды ұйғарды. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр.

Бекітілген бюджетті бұған дейін төменгі палата мен кеңесшілер палатасы мақұлдаған еді. Оппозиция құжаттың кей тұстарымен келіспесе де, экономиканы жандандыру үшін бұл бастаманың керектігін жоққа шығармады.

Бұл соманың 27 млрд доллары дертке қарсы препарат шығару мен медицина қызметкерлеріне, 19 млрд доллары кәсіпкерлердің жалдау ақысын төлеуіне көмектесуге, 4,2 млрд доллары жұмысшыларды жалдау және кәсібі тұралап қалған жұмыс орындарын қолдауға, 18,69 млрд доллары аймақтарды қолдауға арналған субсидияға үлестірілмек. Кәсіпорындарға кепілсіз несие беру жүйесін құру үшін 108 млрд доллар шығындалады. Ал пандемия ұзаққа созылатын болса, 93 млрд доллар көлемінде қаражат қарастырылған.

Соңғы мәлімет бойынша, Жапонияда вирус жұқтырғандардың саны 18 мыңға жетіп, оның 920-сы қайтыс болған. Осы күнге дейін 16 мыңы ем-дом қабылдап жазылды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу