Covid-19: Жапония вакцина егуді 2021 жылы бастайды

841

Осы орайда бюджеттен 1,3 млрд доллар көлемінде қаражат бөлінеді. 

Covid-19: Жапония вакцина егуді 2021 жылы бастайды

Жапония коронавирусқа қарсы вакцина егу процесіне 2021 жылдың басында кіріседі. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрі Кацунобу Като мәлім етті. 

"Біз бұған қатысты жоспарды тез жүзеге асыруға тырысып жатырмыз. Қазіргі мақсат – екпені 2021 жылдан бастап енгізу", – деді ол.

Оның айтуынша, препаратты жасау және оны өндіріп шығару процесі қатар жүрмек. Covid-19 вирусына қарсы вакцинаны шығаруға Жапония үкіметі мемлекеттік бюджеттен 1,3 млрд доллар көлемінде қаражат бөледі.

Соңғы мәлімет бойынша, бұл елде коронавирус жұқтырғандардың саны 17 мыңнан асып, оның 14 мыңы жазылған. Дерттен 903 адам қаза тапты.Ал әлемдегі науқастардың саны 6,5 миллионнан асып, оның 380 мыңы қайтыс болды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу