Жапонияда бір тәулік ішінде 1051 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді. Пандемия басталғалы бұл көрсеткіш алғаш рет мыңнан асып отыр. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.
Елде ауруды тест арқылы анықтау қарқынды жүргізіліп жатқандықтан, жұқтырғандар санының анағұрлым көп екені белгілі болды. NHK дерегі бойынша, Токиода бір күнде – 250, Осакада – 221, барлық өңірде 1051 тұрғынның вирусты жұқтырғаны жарияланды.
Ескере кететін жайт, Жапонияда осы күнге дейін вирус жұқтырғандардың саны 34 мың асып кеткен. Оның 1016-сы дерттен қаза тапты.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу