COVID-19 жұқтырған 18 науқас өте ауыр халде жатыр

765

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 жұқтырудың 34 дерегі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

COVID-19 жұқтырған 18 науқас өте ауыр халде жатыр

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 34 адам коронавирус жұқтырған. Осылайша, елде COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 1 млн 305 мың 17-ге жетті.

Сондай-ақ, өткен тәулікте 797 адам коронавирустан айығып, жазылғандардың жалпы саны 1 млн 287 мың 757 болды.  

26 наурыздағы мәлімет бойынша әлі 4 622 науқас COVID-19-дан емделіп жатыр.

"Оның ішінде 516 пациент стационарда, 4 106 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 37 адамның жағдайы ауыр, 18 пациенттің жағдайы өте ауыр, 7 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу