COVID-19 жұқтырған 6 науқас интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды

792

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Facebook парақшасында жариялады.  

COVID-19 жұқтырған 6 науқас интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды

Қазақстанда COVID-19 жұқтырған 6 науқас интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жақсы жаңалық: Қазақстанда COVID-19 бар алты науқас интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды. Дәрігерлер пациенттердің жағдайының жақсарғанын атап өтті және олар енді қарқынды терапияны қажет етпейді деп санайды", – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Сонымен министрлік мәліметінше, елімізде 6 пациент реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылды: Алматы қаласында - 2 адам, Қарағанды облысында – 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу