COVID-19 жұқтырған аналар 12 дені сау нәрестені дүниеге әкелді

774

Бұл медицина қызметкерлерінің нәтижелі жұмысының арқасында іске асқан. 

COVID-19 жұқтырған аналар 12 дені сау нәрестені дүниеге әкелді

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың сөзінше, елордада коронавирус індетін жұқтырып, стационарларда жатқан аналардан дені сау балалар өмір есігін ашуда.

"Инфекциялық ауруханаларда коронавирус жұқтырған аналардан 12 дені сау нәресте дүниеге келді. Бұл біздің медицина қызметкерлерінің өте үлкен әрі қарқынды жұмысының нәтижесі екенін атап өткім келеді", – деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Нұржан Көшкін 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу