COVID-19 жұқтырған әр науқасқа тәулігіне 15 мың теңге жұмсалады

1003

Билік КОВИД-19-бен күреске тағы да миллиардтар бөлмек.  

COVID-19 жұқтырған әр науқасқа тәулігіне 15 мың теңге жұмсалады

COVID-19 жұқтырған әр науқасқа тәулігіне 15 мың теңге жұмсалады, деп хабарлайды Atameken Business.

Бұл турасында Медициналық әлеуметтік сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Форбс Қазақстан басылымының шығарушысы Арманжан Байтасовпен сұхбатында мәлімдеді.

Айтуынша республикалық бюджеттен 55 млрд 900 млн теңге аударылмақ. Оның 15 млрд теңгеге жуығы науқастарды емдеуге кетсе,  бес жарым млрд-ы диагностикалық зерттеулерге, ал 36 млрд теңгесі медицина мамандарының айлығына қосымша ақы ретінде жұмсалады. Індетті жұқтырғандарды емдеудің құны да аз емес.

Карантинге жатқызылған бір науқасқа тәулігіне – 10 413 теңге, уақытша емделуге жатса – 11 мың теңгеден астам, ал жұқпалы аурулар бөлімінде стационарда болса – 15 мың теңге шығындалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу