COVID-19 жұқтырған Армения президенті ауруханада жатыр

852

Бастапқыда ол үйде емделген еді, бірақ кейін денсаулығы нашарлап кеткен.

COVID-19 жұқтырған Армения президенті ауруханада жатыр Фото: rbc.ru

Коронавирус дертіне шалдыққан Армения президенті Армен Саркисян ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның екі жақты пневмониясы бар екенін анықтаған. Оның әйелі де инфекцияны жұқтырғаны белгілі болды. 

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Саркисян Лондон қаласында отбасымен мерекелік демалысын өткізгеннен кейін, 5 қаңтарда елге оралған еді. Армения оралған бойда коронавирусты анықтайтын тексерістен өткен соң, оның ағзасынан вирус табылған. 

Бастапқыда ол үйде емделген еді, бірақ кейін денсаулығы нашарлап кетті. Сондықтан президент ауруханаға жеткізілді. Баспасөз қызметі пневмониямен қатар оның қызуы жоғары дегенді айтты. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу