COVID-19 жұқтырған дәрігерлердің 86% өтемақы алмаған

784

Бұл мәселе бүгін Парламент Мәжілісінде қозғалып, депутаттар наразылығын тудырды.  

COVID-19 жұқтырған дәрігерлердің 86% өтемақы алмаған

Коронавирусты жұқтырған ақ халаттылардың 86 пайызы өтемақы алмаған, деп хабарлайды Atameken Business теларнасы.

Пандемия басталғалы қауіпті індет 12 мың 830 маманда анықталған. Алайда, Еңбек министрлігіне Денсаулық сақтау органдарынан тек 2475 өтінім келіп түскен. Соңында міндетті бір реттік төлемге 1830 адам ғана ие болған.

Дерттен көз жұмғандарға келсек, қайғыдан қан жұтқан отбасыларға уәделі өтемақы әлі де толық берілмей келеді. Осы күнге дейін аты жаман ауру 197 дәрігердің өмірін қиған. Дегенмен, 10 млн теңгені тек 25 адам алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу