COVID-19 жұқтырған медицина қызметкерлеріне енді өтемақы берілмейді

513

 20 қазаннан бастап ақ халаттылар тарапынан өтініш қабылдау тоқтатылады.

COVID-19 жұқтырған медицина қызметкерлеріне енді өтемақы берілмейді

Коронавирусты жұқтырған дәрігерлерге енді өтемақы берілмейді. Бұл туралы салаға жауапты вице-министр Марат Шоранов мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Себеп ретінде елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуы, карантиндік шектеудің жеңілдеуі және науқастар санының азаюы айтылған. Сондықтан 20 қазаннан бастап ақ халаттылар тарапынан өтініш қабылдау тоқтатылады.

Бүгінге дейін 12 мыңға жуық қызметкерден аты жаман ауру анықталған. Алайда оның тек 9 мыңы жұмыс барысында жұқтырған. Қазір олардың 95 пайызына 2 млн теңге көлемінде бірреттік төлем берілген. Қалған 5 пайызы, яғни 421 маман апта соңына дейін уәделі өтемақыға ие болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу