Әлемде жаңа коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 27 миллионнан асып кетті. Бұл туралы Джонс Хопкинс Университетінің мамандары мәлім етті. Індет кең етек жайған елдердің қатарында АҚШ, Бразилия және Үндістан бар. Осы елдер індеттен қаза тапқандардың саны бойынша көш бастап тұр.
3 қыркүйекте науқастардың саны 26 миллион болған еді. Яғни төрт күнде олардың қатары 1 миллионға артты. Бір айдың ішінде қауіпті инфекцияны 8 миллион адам жұқтырған.
Вирус жұқтыру фактісі бойынша АҚШ бірінші орында, 6,2 миллион науқас тіркелген. Одан кейінгі орындарда Бразиялия мен Үндістан, бұл елдердің әрқайсысында осы күнге дейін 4,1 миллион адам дертке шалдыққан. Ресей болса, бұл көрсеткіш бойынша төртінші орында,пандемия басталғалы 1 миллион адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.
Табиғат Нұрболат