COVID-19 жұқтыру жағдайлары 561,4 миллионға жетті – Хопкинс университеті

726

Американдық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, сенбі күні таңертең әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 561 миллион 411 мың 948-ге жетті. 

COVID-19 жұқтыру жағдайлары 561,4 миллионға жетті – Хопкинс университеті

Әлемде вирус тарала бастағаннан бері COVID-19 инфекциясының салдарынан 6 миллион 367 мың 852 адам қайтыс болды.

Инфекция жұқтырғандар саны 20 миллионнан асатын елдерге АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Германия және Ұлыбритания кіреді.

Ауру жұқтырғандар және инфекция салдарынан қайтыс болғандар саны сәйкесінше:

  • АҚШ – 89 миллион 453 мың 76 және 1 миллион 23 мың 736.
  • Үндістан – 43 млн 730 мың 71 және 525 мың 660.
  • Бразилия – 33 млн 250 мың 117 және 675 мың 90.
  • Франция – 32 миллион 881 мың 645 және 151 454.
  • Германия – 29 млн 692 мың 989 және 142 мың 533.
  • Ұлыбритания – 23 млн 280 мың 957 және 182 мың 262

Әлемдегі басты оқиғалардың статистикасына маманданған Worldometer порталының мәліметі бойынша, сенбі күні таңертеңгі жағдай бойынша жер шарындағы 1 миллион адамға шаққандағы өлім көрсеткіші 819,3 құрайды. Үндістанда 1 миллион тұрғынға шаққанда 373 адам қайтыс болды, Бразилияда – 3 мың 131, Францияда – 2 мың 297, Германияда – 1 мың 690, Ұлыбританияда – 2 мың 647.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу