"ПТР-диагностика жеке және мемлекеттік лабораторияларда да жасалады. Егер жеке меншік зертханада оның бағасы 19-20 мың теңге тұрса, мемлекеттік сантиарлық-эпидемиологиялық стансаларда оның бағасы 11 500 теңге болады. Бұл стансалар санитарлық медициналық сараптаманың жергілікті филиалдарында орналасқан. Яғни, әр облыс орталығында осындай зертханалар бар деген сөз. Сол зертханаларға барып тест тапсыра аласыздар. Осындай тест қабылдайтын орындардың тізбесін көбейту үшін СПИД-орталықтар мен қан орталықтарын да бұл іске жұмылдыру жағын қарастырып жатырмыз", – деді ол онлайн-брифингте.
Есжан Ботақара