"COVID" тағы алқымнан алды

1087

Елдегі дүрбелең енді басылды ма дегенде, коронавирус алқымнан алды, деп хабарлайды Atameken Business.    

"COVID" тағы алқымнан алды

Өткен тәулікте дерт 10 мың 418 адамнан анықталды. Бұл жаңа антирекорд. Науқастардың жартысынан көбі елорда тұрғындары. Нұр-Сұлтанда 5 жарым мыңнан астам жағдай тіркелді. Алматыда тәуліктік көрсеткіш 1 115-ке жетті. Үштікті 820 науқаспен Қарағанды облысы түйіндейді.

Осылайша, жасыл зонада Түркістан, Солтүстік пен Шығыс Қазақстан облыстары ғана қалды. "Сары" аймақта: Алматы, Жамбыл, Қостанай өңірлері. Қалған 3 мегаполис пен 8 облыс қауіпті қызыл зонада. 

Эпидахуалдың ушығуы әрі омикронның таралуына байланысты бүгіннен бастап елде шектеу шаралары күшейтілді. Бас санитардың жаңа қаулысына сәйкес "Ashyq"-қа қосылған нысандардың жұмыс уақыты қысқарды. Сондай-ақ жұмыс және демалыс күндері сауда орталықтары мен сауда үйлеріне тек статусы "жасыл" азаматтар ғана кіргізіледі. Спорттық-сауықтыру, фитнес орталықтарына, бассейндерге, сауналарға, моншаларға кіру үшін де дәл осындай талап қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу