Cпортшылар мен жаттықтырушыларға бірыңғай төлем жүйесі енгізілді

166

Елімізде ұлттық құрама мүшелері мен бапкерлерінің жалақы мөлшерін бекіту туралы бұйрық күшіне енді.  

Cпортшылар мен жаттықтырушыларға бірыңғай төлем жүйесі енгізілді Фото: aikyn.kz

Спортшылар мен жаттықтырушылар үшін ай сайынғы төлемдердің бірыңғай жүйесі енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Мәселен, ай сайынғы төлем 5-тен 250 айлық есептік көрсеткішке дейінгі аралықта белгіленген. Жаңа жүйе инфляцияны ескере отырып, төлем сомасын жыл сайын қайта қарауды қажет етпейді және қаржыландыру көлемін автоматты түрде түзетуге мүмкіндік береді.

– Бұрынғы Қазақстан чемпиондарына және жүлдегерлеріне қаржылық ай сайынғы төлем төленетін. Бұрындары әр облыста жаттықтырушыға да, спортшыға да әртүрлі қаражат берілетін. Қазір жаңа реформа шығып, барлығы теңесіп жатыр. Барлық облысқа бірдей қаржы берілетін болды, – деп мәлімдеді бокстан Қарағанды облысы жастар құрамасының бас бапкері Асылжан Тілеужанұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу