Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ел стационарларында жалпы саны 10 мың орын әзірленетінін мәлім етті.
"Коронавирустық инфекцияның бір ерекшелігі – науқастар көбіне стационарлық ем-домға және жасанды тыныс алу аппараттарына мұқтаж. Қазіргі кезде елдегі стационарлық орындар 60%-ға толы. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бұл көрсеткіш – 90%-ды құрайды. Індетке шалдыққан науқастарды емдеу үшін 348 медициналық мекемеде 26 мың орын әзірленді", – деді Алексей Цой.
Бұған қоса тамыз айының соңына дейін жұқпалы аурулар стационарларында қосымша 10 мың орын ашылады. Аталған медициналық мекемелерде жан сақтау бөлімдері мен интенсивті терапия палаталары құрылып, өкпені жасанды желдету аппараттары қойылады.
"Елімізде жалпы саны 3 294 өкпені жасанды тыныс алдыру аппараты бар. Соңғы айда 978 аппарат сатып алынды. Тағы қосымша 1 мың аппарат сатып алу көзделуде", – деді министр.
Құралай Құдайберген