CTS: Елордададағы LRT құрылысына биыл $700 млн жұмсалады

1119

Елордададағы ЛРТ-ның құрылысына биыл 700 млн доллар жұмсалмақ, деп хабарлайды  Atameken Business.  

 CTS: Елордададағы LRT құрылысына биыл $700 млн жұмсалады

Бұл қаражатқа темірбетонды монтаждау, жерасты жаяу жүргінші өткелдерінің іргетасын қалау, Есіл өзені арқылы өтетін көпір құрылысын аяқтау жоспарлаған. City Transportation Systems компаниясының мәліметінше қазір жеңіл рельсті көлік жүйесінің тек 17 пайызы салынған. Оған 313 млн доллар кетті. Жалпы,  құрылысты толықтай аяқтап, іске қосу үшін 1 млрд доллардай қарыз алу жоспарланған. Негізі о баста жоба 1,8 млрд долларға бағаланды. Құрылыстың өзі 2011 жылы басталып, ЭКСПО көрмесінің алдында аяқталуы тиіс еді. Алайда мерзімі 2020 жылға шегерілді. Кейін жұмыс тоқтатылды. Себебі жобаға бөлінген 5,8 млрд доллар қаражат жымқырылып, іс сотқа жіберілген болатын. Ал басшысына халықаралық іздеу жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу