Бұған дейін көрші елден 30 адамнан құралған алғашқы топ оралған болатын, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Биыл Қытайда біліктілікті арттыру курстарынан отандық су саласының 120 маманы өтеді. Оқыту курстары Қытай тарапының қаражаты есебінен ұйымдастырылады. Оқуға Қазақстан бюджетінен ақша бөлінген жоқ.
Биылғы наурыз айында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен ҚХР Су шаруашылығы министрлігі алғаш рет өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойған болатын.
Құжат су ресурстарын ұтымды және тұрақты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу мен игеру бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды, сондай-ақ тәжірибе алмасуды және мамандарды бірлесіп даярлауды көздейді.
– Қазақстандық мамандар Қытайдан басқа, АҚШ, Франция және Жапонияда да оқудан өтті. Қазіргі уақытта басқа да мемлекеттермен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Былтырғыдай, биыл да Қазақстандағы арнайы орталықтарда оқу курстары өтеді. 2025 жылы бұл курстардан шамамен 1000 маман өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл былтырғымен салыстырғанда екі есе көп, – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.