Cу тасқыны: Солтүстік Қазақстанда 100 үйдің құрылысы басталды

257

Зардап шеккендердің баспана мәселесін шешу үшін кешенді шаралар қабылдануда. 

Cу тасқыны: Солтүстік Қазақстанда 100 үйдің құрылысы басталды Фото: СҚО әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысында тасқыннан зардап шеккендерге 100 үйдің құрылысы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс бабымен Солтүстік Қазақстан облысында болды. Сапар барысында вице-премьер Петропавл қаласының су басқан шағын аудандарындағы жағдаймен танысты, су тасқынынан зардап шеккендермен кездесті, бөгеттер мен Петропавл су торабын аралады, сонымен қатар тұрғын үйлер салынып жатқан Солнечный-2 ауданында болды және тасқынның салдарын жою мәселелеріне арналған жиналыс өткізді.

"Зардап шеккендердің баспана мәселесін шешу үшін кешенді шаралар қабылдануда. Құрылыс компанияларымен көпқабатты үйлер салу туралы келісім бар. Баспана сатып алу үшін бірінші және екінші нарықтағы пәтерлердің тізімі жасалды. Сонымен қатар, инженерлік инфрақұрылым жүргізілген "Солнечный 2" ықшам ауданында 10 құрылыс компаниясы 100 тұрғын үйдің құрылысын бастап кетті. Жобаны жүзеге асыру үшін "Қазақстан халқына" қорымен меморандум жасалды", - деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.
 

Облысқа Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевпен бірге "Kaspi.kz" директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким, "Kazakhmys Holding" директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай және "KazMinerals Management" басқарма төрағасы Эльдар Мамедов келді. Бұл компаниялар Мемлекет басшысының үндеуіне үн қосып, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек пен қолдау көрсететін болады. Олар 60 млрд.тг қаржыны тұрғын үй құрылысы мен пәтерлер сатып алуға бағыттамақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу