Cуға батқан баланы құтқарғандар марапатталды

285

Ерлік көрсеткен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің 3 қызметкері марапатталды.  

Cуға батқан баланы құтқарғандар марапатталды Фото: gov.kz

2024 жылғы 18 ақпанда Алматыда болған баланың өмірін судан құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен лейтенант Абиров Серік марапатталды. Подполковник Қасенов Талғат, сондай-ақ майор Ілияс Серік "Қазақстан Республикасы ТЖМ Алғыс хатымен" марапатталды, деп жазады inbusiness.kz.

Төтенше жағдайлар министрінің атынан марапатты Алматы қаласы ТЖ департаментінің бастығы полковник Нұрлан Атығаев табыстап, өз сөзінде "Азаматтық қорғау органдарының атынан баланы құтқарып, жедел іс-қимыл жасағандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Сіздердің білікті іс-әрекеттеріңіз бен азаматтық ұстанымдарыңыздың арқасында жазатайым оқиғанның болуына жол берілмеді", - деп атап өтті.

Баланың әкесі ТЖД-ға арнайы келіп, уақытылы көрсеткен көмегі  үшін "Қызметкерлерге сол жерде болғанына, алғашқы жәрдем көрсеткенін және кәсібиліктері үшін алғыс айтқым келеді. Менің және отбасымның атынан шын жүректен  алғыс айтамын", -  деп жылы лебізін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, демалыс күні, 18 ақпанда сағат 17:00 шамасында қоғамдық бассейн аумағында адамдар бассейнде бала (шамамен 5-6 жаста) суға батып кеткендігін хабарлап, көмек сұрай бастады.

Табандылықпен МКҚ қызметкерлері дереу алғашқы көмек көрсете бастады.Бала ес-түссіз жатқан. Лейтенант Абиров Серік ең алдымен, каротид артериясындағы пульсті тексеріп, оның жоқтығын анықтады, яғни бала тыныс алмады.

Ауыз қуысында бөгде заттардың жоқтығына көз жеткізіп, жүрек-өкпе реанимациясына кірісті. Суға батқан адамды құтқару бойынша барлық іс-шаралар Әбіров Серіктің басшылығымен жасанды тыныс беру әдісімен жүргізілді, ал Қасенов Талғат пен Ілияс Серік кеуде қуысын қысуды жүргізді. Реанимацияның бірнеше әрекетінен кейін бала жөтеліп, тыныс алады. Айта кету керек, сол күндері Мемлекеттік күзет қызметінің өкілдері Алматы қаласында қызметтік іссапарда болған екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу