Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"2023 жылы Астана қаласы Полиция департаментінің базасында бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейтін CyberPol пилоттық жобасы құрылды. Киберқылмыстарды тиімді тергеу және ашу үшін тергеу, жедел және криминалистикалық бөлімшелердің қызметкерлері бір жерде шоғырланып, банк секторымен және ұялы байланыс операторларымен жедел өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Бұндай топтар CyberPol пилоттық жобасының жұмыс принципі бойынша ең тәжірибелі тергеушілер, жедел уәкілдер, криминалистер кіретін барлық аумақтық ПД-ға енгізілген", – деген спикер бірнеше мысал келтірді.
Мысалы, Павлодар облысы ПД CyberPol нысаналы тобы банк қызметкерлерінің атынан алаяқтық әрекеттер арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыруды ұйымдастырған Павлодар қаласының тұрғынын ұстады.
Қазіргі уақытта 20 эпизодқа қатысы анықталды, келтірілген залал шамамен 40 млн теңгені құрады.
Қостанай облысының ПД полиция қызметкерлерінің атынан тұрғындарға қоңырау шалу арқылы жасалған интернет-алаяқтықтың 8 фактісін жасағаны үшін және олардың балалары жол апатына түскенін хабарлағаны үшін облыстың 4 тұрғыны ұсталды. Келтірілген залал 43 млн теңгені құрады.
"Жедел топпен Қостанай қаласының тұрғыны ұсталды, ол маскировка әдістерін (парик, маска, көзілдірік) пайдаланып, қылмыстық жолмен алынған ақшаны жинаған. Ұсталған адам алаяқтықтың 6 фактісіне қатысы бар екендігі дәлелденді. Қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді спикер.