Cыртқы істер министрі Женевада бірқатар кездесу өткізді

542

Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен бірлесіп, қос диплом беретін магистрлік бағдарлама ашуды жоспарлап отыр.  

Cыртқы істер министрі Женевада бірқатар кездесу өткізді Фото: gov.kz

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Женеваға сапары кезінде осы ұйымның бас директоры Дарен Тангамен кездесуінде мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Министр сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттеришпен кездесіп, Орталық Азия елдерімен арадағы ынтымақтастықты тереңдету жайын талқылады.

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Теодор Гебрейесуспен жүздесуде екіжақты қатынасты дамыту жайы сөз болды.

"Қазақстан – алғашқы медициналық көмекке көп көңіл бөліп отырған ел ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жұмысы үшін өте маңызды мемлекет. Бұл бағыт негізі 45 жыл бұрын пайда болған. Ал 5 жыл бұрын арнайы халықаралық конференция өткізілгені белгілі. Былтыр Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы мен басқа да сала жетекшілері Қазақстанға барып, озық іс-тәжірибелермен танысты", - деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық ұйымы бас директорының көмекшісі Брюс Эйлвард.

Сонымен қатар Мұрат Нұртілеу Индонезия, Вьетнам, Сауд Арабиясы, Швейцария және Грузиядан келген әріптестерімен келіссөздер жүргізді. Кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастық және өзара көмек көрсету барысын қарастырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу