Демалыс күндері сауда ойын-сауық орталықтарын ашуға рұқсат беру керек, деп хабарлайды Atameken Business.
Оның пайымдауынша қазіргі шаралар кәсіпкерлерге ғана емес, халыққа да қиын соғуда. Салдарынан әлеуметтік-экономикалық ахуал нашарлап кетті. Сондай-ақ, арнамыздың тілшілері белшесінен шығынға батқан шағын бизнес өкілдерімен де тілдесіп көрді
Қызылордадағы ең ірі сауда-ойын сауық орталығыны карантин кезінде табысының 85 пайызын жоғалтты. Оның негізгі пайдасы балалардың ойын алаңы мен кинотеатрдан түседі екен. Одан қалған сауда павильондары демалыс күндері жабық. Енді Орталық басшылығы бәрінің ашылуын сұрап,кәсіпкерлер палатасына жүгінді.