Д.Назарбаева НАТО-ның арнайы өкілімен кездесті

1219

Д.Назарбаева НАТО-ның арнайы өкілімен кездесті

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева НАТО Бас хатшысының Орталық Азия және Кавказ жөніндегі арнайы өкілі Джеймс Аппатураймен кездесті. Кездесуге сенаторлар Икрам Адырбеков және Мұхтар Алтынбаев қатысты.

Д.Назарбаева НАТО-мен әріптестікті дамыту Қазақстанның сыртқы саяси бағытындағы маңызды басымдық екенін атап өтті. Әңгіме барысында қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ұлттық әлеуетін нығайтуға, аймақтық тұрақтылыққа төнетін қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін Солтүстік Атлантика альянсының қазіргі кездегі бағдарламалары мен үздік тәжірибесін тартуға біздің еліміздің мүдделі екені атап өтілді. НАТО Бас хатшысының Арнаулы өкілі Қазақстан мен Солтүстік Атлантика альянсы арасындағы өзара іс-қимылды, еліміздің бітімгерлерінің дайындық деңгейін оң сипаттай отырып, Қазақстанның жаһандық дипломатиядағы рөлін жоғары бағалады. 
24.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу