Дағдарысқа қарсы шаралар: 185 млрд теңгеге аудит жүргізілген

922

Министр бюджеттен бөлінген қаражаттың толық игерілуі бақылауда болатынын атап өтті. 

Дағдарысқа қарсы шаралар: 185 млрд теңгеге аудит жүргізілген

Бүгінде 173 жоба бойынша 185 млрд теңгеге камералдық бақылау және аудит жүргізілді. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, ведомство дағдарысқа қарсы шараларға және басқа да мақсаттарға бөлінген қаражаттың игерілуін бақылайды. 

"Мемлекеттің қаражаты бөлінсе, оны толық бақылауға алуға міндеттіміз. Оған Ішкі мемлекеттік аудит комитеті жауап береді. Олар жүйелі түрде мемлекеттік сатып алудың барлық рәсімін тексереді, әрі камералдық бақылау жүргізеді", - деді Ерұлан Жамаубаев халыққа есеп беру кездесуінде.

Министр биыл дағдарысқа қарсы шаралар "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында жүргізілетінін жеткізді.

"Сондықтан жол картасына бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын
камералдық бақылау немесе аудит арқылы тексереміз. Бүгінде мемлекеттік сатып алу шеңберінде 173 жоба бойынша 185 млрд теңгеге камералдық бақылау және аудит жүргізілді", – деп түйіндеді сөзін ведомство басшысы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу