Дағдарысқа қарсы шаралар Алматы экономикасының тұрақтылығын сақтап қалды - Алматы әкімі

918

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 5 айда 107,8%-ды құраған. 

Дағдарысқа қарсы шаралар Алматы экономикасының тұрақтылығын сақтап қалды - Алматы әкімі

Бақытжан Сағынтаев өткен 5 айдағы Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 5 айда 107,8%-ды құрады. Өнеркәсіпте өсім 19,7%-ға қамтамасыз етілді, құрылыс 24,7%-ға, байланыс қызметтері - 13,4%, сауда - 4,7% өсті", – деді қала әкімі елордада өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 13,3%-ға өсті, 570 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 32,7% өсіммен 355,4 млрд теңгені құрады. 1,1 трлн теңге көлемінде салық жиналды. +27,8%. Республикалық бюджетке барлығы 791 млрд теңге, жергілікті бюджетке 349,3 млрд теңге салық түсті.

"Алматыда жыл басынан бері инфляция 3,4%-ды құрады, бұл республика деңгейінен төмен (ҚР - 3,5%). Азық-түлік тауарлары бойынша инфляция қалада республикалық деңгейде - 104,9%, азық-түлік емес тауарлар бойынша - 103,2%, ақылы қызметтер бойынша - 101,6%", – деді Бақытжан Сағынтаев.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу