Дағдарысқа қарсы шараларға 5,9 трлн теңге бөлінді

728

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасына 1 трлн теңге қарастырылған.

Дағдарысқа қарсы шараларға 5,9 трлн теңге бөлінді

Үкімет елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық, жұмыспен қамту бойынша дағдарысқа қарсы шараларға 5,9 трлн теңге бөлді. Бұл туралы, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет үйінің баспасөз орталығында өткен брифингте мәлімдеді. 

"Бұл шығындарға республикалық бюджет есебінен 3,4 трлн теңге және бюджеттен тыс қаражат есебінен 2,5 трлн теңгеге қарастырылған. Шығындар жұмыспен қамтуға, жұмысы тоқтағанына байланысты ай сайынғы төлемдерге, әлеуметтік төлемдерге және Мемлекет басшысының басқа да тапсырмаларына жұмсалады. Атап айтқанда "Жұмыспен қамтудың жол картасына" 1 трлн теңге қарастырылған. Оның ішінде республикалық бюджеттен 300 млрд теңге, бюджеттен тыс қаражат 700 млрд теңге. Осы қаражат шеңберінде өңірлерде инфрақұрылымдық шаралар іске асырылатын болады. Сонымен қатар 255 мың жұмыс орны құрылады", – деді Әлихан Смайылов. 

Сондай-ақ, Қаржы министрі жеңілдікпен несие беру мәселесіне тоқталды. Оның ішінде айналым капиталын толықтыру бойынша 8%-бен, "Қарапайым заттар экономикасы" бойынша 6%-бен несие беріледі. 

"Бұл шараларға бюджеттен тыс 1 трлн теңге шеңберінде қаражат қарастырылған", – деді Әлихан Смайылов.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу