"Дағдарысқа қарсы жоспарды жабық ұстаймыз, алыпсатарлар білмеуі керек"

1884

Үкімет пен Ұлттық банктің дағдарысқа қарсы жоспары Украинадағы жағдайға байланысты жабық.

"Дағдарысқа қарсы жоспарды жабық ұстаймыз, алыпсатарлар білмеуі керек"

"Ұлттық банк пен Үкімет дағдарысқа қарсы жоспар қабылдады, ол қазір жедел жүзеге асырылып жатыр. Бірнеше сценарийіміз бар (негатив, позитив және базалық). Бірақ жоспарымыз жабық. Барлығын ашып айта алмаймын", – деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бүгін үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуына қарағанда, жоспар қазір ішінара жүзеге асырылып, ішінара пысықталып жатыр. Жағымсыз сценарийді айтуға болмайды, өйткені "алыпсатарлар біле қалса, теңге бағамына одан бетер қысым жасайды".

"Айтып отырмын ғой, қазір бірдеңе деуге ерте. Себебі жағдай күрт нашарлауы немесе күрт жақсаруы мүмкін. Қазір өтіп жатқан келіссөздердің нәтижесіне қарай бәрі белгілі болады. Украина мен Ресей жағдайы неғұрлым ұзақ болса, экономикаға әсер соғұрлым күшті болады. Неғұрлым тез шешілсе, аймақтағы елдерге зардабы соғұрлым аз болады", – деді министр.

"Айтып отырмын ғой біз экономикамызды қорғаймыз, азаматтарымызды қорғаймыз", – деп журналистердің көптеген сұрағына қысқа жауап қайырды министр.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу