Дағыстан үкіметінің бұрынғы басшысы жол апатынан қаза тапты

452

Абдулаев 2010 жылдан 2013 жылға дейін Дағыстан үкіметін басқарды.  

Дағыстан үкіметінің бұрынғы басшысы жол апатынан қаза тапты Фото: eadaily.com

Дағыстан үкіметінің бұрынғы төрағасы Магомед Абдулаев Махачкаладағы жол-көлік оқиғасында қаза тапты, деп хабарлайды Inbusiness.kz облыс ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 5 қаңтарда сағат 20.00-де Махачкаладағы Магомед Гаджиев көшесінде "ВАЗ-21214" көлігін басқарған 55 жастағы Кизилюрт тұрғыны жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жолды кесіп өтпек болған адамды қағып кеткен.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 61 жастағы жергілікті тұрғын ауруханаға жеткізілді, кейін ол ауыр дене жарақатынан қайтыс болды. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, қайтыс болған адам - Абдулаев Магомед Имранович, ДР үкіметінің бұрынғы төрағасы", - деп атап өтті ведомствода.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу