Дағыстанда ашуға булыққан жұрт әуежайдан Израиль азаматтарын іздеді

3523

Алғашында қалың нөпірді әуежай күзеті тоқтата алмаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты РИА агенттігіне сілтеме жасап. 

Дағыстанда ашуға булыққан жұрт әуежайдан Израиль азаматтарын іздеді Фото: Бейнежазбадан

Олар Махачкала әуежайындағы бөлмелерді тінтіп, әр жолаушының төлқұжатын тексерген. Тіпті жаңа қонған ұшақтардың ішіне кіруге талпынған. Абырой болғанда, ішіндегілер ұшақ есігін жауып үлгеріпті.

"Тель-Авив - Махачкала" бағытындағы ұшақ әуежайға қона алмаған деседі.

Қазіргі таңда әуежайды басып алуға талпынғандар ұсталды. Дағыстан билігі оларды заң жүзінде жазалаймыз деп отыр.

Дүрбелеңнен соң Израиль Ресейден азаматтарын қорғауды сұрады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу