Дағыстанда барлық басшы мен депутаттың жеке істері тексеріледі

189

23 маусымдағы шабуыл кезінде шабуылдаушылардың екеуі Дағыстанның Сергокалин ауданының басшысы Магомед Омаровтың ұлдары, тағы біреуі жиені болып шықты.

Дағыстанда барлық басшы мен депутаттың жеке істері тексеріледі Фото: pdeminhiker/Shutterstock/Fotodom

Сондықтан Дағыстанда басшылық лауазымдардағы барлық адамдардың, оның ішінде депутаттардың жеке істеріне тексеру жүргізіледі. Бұл туралы республика басшысы Сергей Меликов мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz cайты.

Меликов республикада Сергокалин ауданының бұрынғы басшысы сияқты басқа да шенеуніктер қызмет етіп жүруі мүмкін деп болжады.

"Бізде өздері ұйықтап, онымен қоймай өз муниципалитетін ұйқы басуға жол берген, террористік болмаса да, адамдарға түк пайдасы жоқ депутаттар жоғына кім кепіл?"
 - деді Меликов.

Ол халық Ассамблеясының депутаттарын Республика мәселелерін шешуге және билікті қолдауға құлық танытпай келеді деп айыптады. Оның пікірінше, күрделі мәселелер туындаған кезде парламентшілер шетте қалады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу