Дағыстанда Каспий жағалауынан итбалықтың 2500-ге жуық өлексесі табылды

506

Дағыстанда табиғатты пайдалануға байланысты басқару құрылымының мамандары жүргізген санақ бойынша өлген итбалықтардың саны өсуде, деп жазады inbusiness.kz Экспресс К-ға сілтеме жасап. 

Дағыстанда Каспий жағалауынан итбалықтың 2500-ге жуық өлексесі табылды Фото: ТАСС

Дағыстан Республикасы Табиғи ресурстар министрлігінің Telegram-каналында Каспийдегі өлген итбалықтардың саны айтарлықтай артып, қазіргі уақытта 2500-ге жеткен.

Итбалықтар Жүзбаш аймағында, сондай-ақ Сулақ және Шуринка өзендерінің сағаларында көп қырылған. Сүтқоректілердің жаппай қырылу себебі өлексесінен патологиялық материал сынамасы алынып, зертханалық зерттеулерден кейін белгілі болмақ, - делінген хабарламада.

Бұған дейін Каспий теңізінің жағалауынан, Махачкаланың Киров ауданынан және мұнай базасынан Сұлақ өзенінің сағасына дейінгі аумақта шамамен 650-700 итбалықтың өлексесі табылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу