Дағыстанда мобилизацияға наразылық білдірушілер ереуілге шықты

848

Жексенбі күні Дағыстанда полиция мен мобилизацияға қарсы наразылық білдірушілер арасында қақтығыстар орын алды.  

Дағыстанда мобилизацияға наразылық білдірушілер ереуілге шықты

Дағыстандықтар Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға соғысқа тағы жүздеген мың адамды жіберу туралы шешімімен келіспейтіндерін жеткізу үшін ереуілге шыққан.

Өткен сәрсенбіде Путин жариялаған Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Ресейдегі алғашқы әскери мобилизация елдің ондаған қалаларында наразылық тудырды.

Наразылық әсіресе өзге этностар шоғырланған кедей аймақтарда күшті. Оның ішінде Дағыстан да бар.

Әлеуметтік желілерде жарияланған ондаған видео-роликтер жексенбіде Республика астанасы Махачкалада полициямен болған қақтығыстың дәлелі болып отыр.

Дағыстан ауылдарының біріндегі оқиға орнынан түсірілген видеода ондаған наразылық білдірушілер ауылдың 100-ден астам тұрғынының соғысқа шақырылуына наразылық білдіріп, басты жолды жауып тастағаннан кейін полиция әуеге оқ атқанын көруге болады. Ауыл тұрғындарының жалпы саны 8000 адамды құрайды.

Дағыстан соғыс кезінде ауыр шығындарға ұшырады. BBC ресейлік қызметінің бағалауы бойынша, республикадан кемінде 301 әскери қызметші қайтыс болды. Бұл Мәскеуден кеткен әскерилердің адам шығынынан 10 есе көп, ал халық саны Дағыстаннан бес есе көп.

Наразылықтарды қадағалайтын және ұсталғандарға құқықтық көмек көрсететін "ОВД-Инфо" тобы Ресейдегі мобилизацияға қарсы митингтерде жалпы 2000-ға жуық адам ұсталғанын хабарлады.

Қоғамдық наразылықты жеңілдетуге тырысқан Дағыстан басшысы Сергей Меликов жексенбіде Телеграмда аймақтағы мобилизация кезінде "қателіктер жіберілгенін" мойындады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу