Дағыстанда никаб киюге уақытша тыйым салынды

187

Никабқа тыйым салу туралы пікірталастар 23 маусымдағы шабуылдан кейін күшейе түсті. 

Дағыстанда никаб киюге уақытша тыйым салынды Фото: РИА новости

Дағыстанның мүфтияты никабты - әйелдерге арналған дәстүрлі мұсылман бас киімін киюге тыйым салынатынын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Telegram-да жарияланған хабарламада тыйым уақытша екені және "қазіргі қауіп-қатер басылғанша" қолданылатыны айтылған.

Алдыңғы түні мүфтият Дағыстанның пәтуа бөлімі шариғат мәтіндерін зерттеу нәтижелері бойынша никабқа жалпыға бірдей тыйым салуға жеткілікті негіз табылмағанын хабарлады. Сол кезде жарияланған Telegram жазбасында "белгілі бір жағдайларда қауіпсіздік мақсатында никаб киюге жергілікті тыйым салынуы мүмкін" делінген.

Бірақ 3 шілдеде таңертең Дағыстан мүфтияті "кеше БАҚ-та пәтуа бөлімінің қорытындысын дұрыс түсіндірмегенін" мәлімдеді. Мүфтият никабқа тыйым салмау туралы шешім қабылдады деген қате түсінік қалыптасқаны болуы керек, делінген дін басқармасы хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу