Дағыстанда шабуыл ұйымдастырған қылмыстық топты жергілікті экс-шенеуніктің ұлы басқарған

302

Бұл туралы Махачкала қаласы Совет аудандық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Дағыстанда шабуыл ұйымдастырған қылмыстық топты жергілікті экс-шенеуніктің ұлы басқарған Фото: ТАСС

Лаңкестердің сыбайластарының бірі О.М. (аты мен тегі республиканың Сергокала ауданының бұрынғы басшысы Магомед Омаровтың ұлы – Осман есімімен сәйкес келеді) биліктің қызметін тұрақсыздандыру, тұрғындарды қорқытып, өлім қаупін тудыратын топты басқарған.

Қылмыстық топ Махачкала мен Дербенттегі шіркеулер мен синагогаларға шабуыл ұйымдастырған. 

"Осыдан кейін ортақ мақсатпен біріккен қылмыстық топ мүшелері Дағыстан Республикасының аумағында лаңкестік әрекеттер жасауға дайындалған", – делінген хабарламада.

Теракт болған күннің ертеңінде отбасының әкесі Магомед Омаров Сергокалинск ауданының басшысы қызметінен босатылды, сонымен қатар "Единая Россия" партиясынан шығарылды. Ол да қамауға алынды. Кейін экс-шенеуніктің алты ұлы да қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу