Дағыстанда жоғалып кеткен қазақстандық туристің денесі табылды

197

Марқұм сапбордтан Каспий теңізіне құлаған. Исламның денесі төртінші күні табылып, судан шығарылды. 

Дағыстанда жоғалып кеткен қазақстандық туристің денесі табылды Фото: Ресей ТЖМ

Отбасымен бірге Дағыстанға қыдырып барған 47 жастағы қазақстандықтың денесі үш күннен кейін табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Қайғылы оқиға 3 тамызда Дағыстанның Избербаш қаласында болды. Сапбордпен келе жатқан ол тақтайшаға соқтығысқан. Салдарынан 6 адам зардап шекті: құтқарушылар төртеуін судан шығарды, біреуі жағаға өз бетімен шықты. Өкінішке орай, бір адам суға батып кетті. Іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды”, – деп жазды Ресейдің Төтенше жағдай министрілігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу