Атыс кезінде 15 полиция қызметкері қаза тауып, 16 адам жараланған. Бұл сандар әлі де өсуі мүмкін.
Дағыстанның Сергокалин ауданының әкімі Магомед Омаров тұтқындалды. Себебі Махачкала мен Дербенттегі лаңкестік шабуылдарды оның Әділ және Осман есімді ұлдары ұйымдастырғаны анықталды.
Екеуі атыс кезінде көз жұмғандардың қатарында болуы мүмкін. Олар шетелдік террорлық ұйымдарға мүше болған.
Магомед Омаров өз еркімен қызметінен кететін хабарлаған. Енді одан жауап алынатын болады.
Еске сала кетейік, лаңкестер кеше кешкісін Махачкала мен Дербент қалаларындағы шіркеу мен синагогаға шабуыл жасап, біраз адамды атып тастаған болатын.