Дағыстандағы су тасқыны салдарынан 4 мыңнан астам адам эвакуацияланды

119

Дағыстан билігі 10-нан астам муниципалитте төтенше жағдай режимін енгізді.

Дағыстандағы су тасқыны салдарынан 4 мыңнан астам адам эвакуацияланды Фото: видеодан алынған кадр

5 сәуір күні Дағыстан аумағында жауған нөсер тұрғын үйлер мен электр қосалқы станцияларын қайтадан су басуына, сондай-ақ көлік қатынасының шектелуіне себеп болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Судың шамадан тыс толуына байланысты Геджух су қоймасы дамбасында жергілікті жарылыстар тіркелді.

РФ ТЖМ мәліметінше, су қоймасының толып кетуіне байланысты 4 100-ден астам адам эвакуацияланды. Су 28 тұрғын үйді басып қалды. Тағы 4 елді мекенді су шайып кетуі мүмкін. Онда 3 мыңнан астам баспанада 20 мыңнан астам адам тұрады.

Дағыстан Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Мәскеу – Дербент бағытындағы пойыздың 37 жолаушысы Дағыстанские Огни – Мамедкала теміржол учаскесінің су басуына байланысты эвакуацияланды.

Республикалық жол полициясының мәліметінше, Дағыстанның Дербент ауданында су деңгейінің көтерілуінен көпірдің құлауына байланысты "Кавказ" федералдық автожолы жабылды.

Кирки ауылында нөсер жауын салдарынан көшкін болды. Бір үй толық қирап, тағы екеуі жартылай зақымданды. Қираған үйдің үйінділерін тазалау кезінде әйел адамның мәйіті табылды.

Махачкала қаласында Газопроводная көшесінде су басу салдарынан көпқабатты тұрғын үй құлады. Қалалық әкімдік тағы төрт көпқабатты үйдің құлау қаупі бар екенін мәлімдеді. Ғимараттардан шамамен 300 адам эвакуацияланып, аумақ қоршауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу