Daily Mail: Ұлыбритания тұрғындары украиналық босқындарды бақылауды күшейтуге шақырады

413

Жақсылық жасаймын деп опық жегендер өз оқиғаларымен бөлісетін онлайн қауымдастықтар құрған. 

Daily Mail: Ұлыбритания тұрғындары украиналық босқындарды бақылауды күшейтуге шақырады Фото: img3.eadaily.com

Ұлыбритания тұрғындары "қонақтардың" арбауына түсіп, ұрлықтың құрбаны болғаннан кейін украиналық босқындардың өмірбаянын мұқият тексеруге шақырды. Бұл туралы Daily Mail хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Британдықтардың бір бөлігі кейбір босқындар қаражат жағынан қысылмаса да, жәрдемақы талап ету арқылы әлеуметтік қамсыздандыруды теріс пайдаланады деп қорқады", — делінген басылымда.

Газеттің хабарлауынша, жақсылық жасаймын деп опық жегендер өз оқиғаларымен бөлісетін онлайн қауымдастықтар құрған. Онда ұрлық, заңсыз тауарларды сату немесе визалар мен жүргізуші куәліктері сияқты жалған құжаттарды сатып алу әрекеттері туралы хабарланады. Бұдан басқа, кейбір босқындар жеңілдіктер мен төлемдер алу үшін табыстарын жасыруға тырысқан.

Дегенмен мұндай топтардың қатысушылары украиналықтардың басым көпшіліні қолдауға мұқтаж екенін жоққа шығармайды және олар шынымен мұқтаж адамдарға көмектесуге дайын. Олар қиын жағдайға тап болған адал адамдарды қайғылы оқиғадан табыс іздеген пайдақорлардан ажырату маңызды деп санайды.

"Украиналық босқындардың едәуір бөлігі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін алдап жүргені туралы ешқандай дәлел жоқ, бірақ егер мақсатты емес шығындар орын алса, біз мұндай оқиғаларды анықтауда мұқият боламыз", — деп атап өтті Ұлыбритания үкіметі.

7 наурызда Ұлыбритания ІІМ басшысы Суэлла Браверман бір жыл ішінде елге кіре алатын босқындар санына шектеу қою ниетін жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу