"Ирак пен Леванта лаңкестік тобы" Сирияда бейресми жариялап алған астанасын Раккадан Дейр-эз-Зор қаласына ауыстырды. Америкалық басылымдардың хабарлауынша, лаңкестер мұндай қадамға сириялық жауынгерлердің әуе соққылары жиілеп кеткендіктен барған.
Соңғы екі айда Раккадан террорлық топтың жүздеген басшысы көшкен. Айта кетейік, Дейр-аз-Зор қаласы Раккадан 130 шақырым жерде орналасқан. Шаһар 2014 жылдан бері содырлардың бақылауында. Бүгінде қалаға кіретін күре жолдың барлығын лаңкестер басып алған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу