ДАИШ содырлары 100 мың баланы қамауда ұстап отыр

932

ДАИШ содырлары 100 мың баланы қамауда ұстап отыр

БҰҰ-на қарасты балалар қоры (ЮНИСЕФ) Мосулда 100 мың баланың жағдайы қауіп үстінде екенін айтып дабыл қағуда, деп хабарлайды "BAGHDAD" газетіне сілтеме жасап, kazislam.kz.

Бүгінде Мосул қаласы мен басқа да елдімекендерде қолына қару алып, қорғана алмайтын тұрғындарды ДАИШ содырлары өз қарамағында зорлықпен ұстап отыр.

"ДАИШ содырлары құрсаудағы қаладан қашпақ болған бейбіт тұрғындарды өлтіріп жатыр. Олардың ішінде жас балалардың да саны аз емес. Бізге мәлім болғандай, олардың қоластында 100 000 жас балалар мен қыздар өте ауыр әрі қауіпті жағдайға тап болып отыр. Осындай жас балалар террористердің қолында оңай шоқпарға айналып үлгерді. Дереу шара қолданбасақ террористер бұл балаларды теріс мақсаттарын жүзеге асыру үшін пайдалануы әбден мүмкін" деді Питер Хавкинс Ирактағы қордың өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу