ДАИШ содырлары мешітті жарып жіберді

695

ДАИШ содырлары мешітті жарып жіберді

Ирактың солтүстігіндегі Салах-ад-Дин провинциясындағы мешітті лаңкестер жарып жіберді, деп хабарлайды Al-Sumaria газеті.

Жергілікті қауіпсіздік қызметі мәліметінше, абырой болғанда жарылыс салдарынан ешкім зардап шекпеген. Мешіт ғимараты бүлінген. Құқыққорғау органы терактіні ДАИШ содырлары ұйымдастырған болуы мүмкін деп болжап отыр.

Еске салсақ, Ирак территориясының бір бөлігін ДАИШ ұйымы 2014 жылы басып алған. Ал содырлар ұйымын толықтай жеңгені жайында ел премьер-министрі Хейдар әл-Абади 2017 жылдың желтоқсан айында мәлімдеген еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу