ДАИШ Ыстамбұлдағы терактіні өз мойнына алды

685

ДАИШ Ыстамбұлдағы терактіні өз мойнына алды

ДАИШ лаңкестік ұйымы Ыстамбұлдың Reina түнгі клубында болған терактіні өз мойнына алды.

Бұған дейін CNN телеарнасы терактіні өзбек не қырғыз азаматы жасаған болуы мүмкін деп мәлімдеген еді.

Естеріңізге саламыз, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні Ыстамбұл қаласындағы Reina түнгі клубына белгісіз біреу қарулы шабуыл жасап, 39 адамды мерт еткен болатын.

Қаза болғандар арасында Ресей, Сауд Арабиясы, Марокко, Ливан, Иордания, Ливия және Израиль азаматтары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу