ДАИШ жетекшісі қайтыс болды

1037

Америкалықтардың Бариш қаласында өткізген арнайы операциясы кезінде берілгісі келмей, өз-өзіне қол жұмсаған.

ДАИШ жетекшісі қайтыс болды

Өзін халиф деп атаған ДАИШ жетекшісі Әбу Бакр әл-Бағдади қайтыс болды. Оны АҚШ, Ирак және Сирия әскерилері растап отыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Лаңкестердің басшысының мерт болғаны туралы хабар осыған дейін кемі 6 рет айтылған болар. Осы жолғысы сенімді шыққан сияқты.

Президент Трамп "бұл  – өте маңызды оқиға" деп Твиттерінде жазғанымен, нақты ақпарат берген жоқ.

АҚШ қарулы күштері лаңкестер тұрған жерге 8 ұшақпен жетіп, дрон арқылы шабуыл жасап, ғимаратты жойып жіберген. Оларға  Әбу Бакр әл-Бағдади жасырынған жерді табуға Ирактың арнайы жасағы көмектесіпті. Сарапшылар ДАИШ жетекшісінің өлімі оның жақтастарының көтерілуіне түрткі болады. Енді әлемде лаңкестік әрекеттер көбеюі мүмкін деп дабыл қағуда.

 "Оны 3 жыл бойы іздедік. Барлау қызметі өте жақсы жұмыс істеді. Бейкүнә адамдарды қырған лаңкестер жер басып жүрмеуі керек. Бағдади қаншама жыл бойы жасырынып жүрді. Мен билікке келгелі оның халифаты толық жойылды деп ауыз толтырып айтуға болады. Енді осы ұйымның қалған лаңкестерін жоқ қылу керек",– дейді Дональд Трамп.

 "Ньюсуик" басылымының хабарлауынша, Әбу Бакр әл-Бағдади тірі кезінде орынбасарын сайлап үлгерген. Ол – Абдулла Кардаш. Лаңкестердің көшбасшысы соңғы кезде ешқандай іске араласпаған. Барлық жұмысты ізбасарына тапсырған ол тек қана аса маңызды шешімдерді мақұлдап отырыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу