"Дайын болайық": Қазақстанда қант тапшылығы болуы мүмкін бе?

2298

Бүгінде елімізде 90 мың тонна қант бар. 

"Дайын болайық": Қазақстанда қант тапшылығы болуы мүмкін бе? Фото: inbusiness.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров еліміздің қантпен қамтылу мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Жалпы қанттың қажеттілігі жылына – 550 мың тонна. Бізде бүгінгі күні 90 мың тонна қант бар. Одан басқа алатын 120 мың тонна квотамыз бар. Ол әлі басталған жоқ. Оны мамыр айынан бастап аламыз. Бажсыз кіргізілетін 300 мың тонна қант құрағы бар. Қант жеткілікті деуге болады. Жақында қосымша тағы 80 мың тонна қант жеткізу туралы Ресей ауыл шаруашылығы министрі Патрушевпен (ред. – Дмитрий Патрушев) сөйлестім. Енді дайын болайық, кім біледі жағдай әртүрлі болып кетуі мүмкін. Сондықтан қант жағы 100 пайыз қамтылады деп ойлаймын. Биыл мәселе болмауы керек", - деді ведомство басшысы.

Тілшілер спикерден қант бағасы шарықтап кетпеуіне кепілдік бере ала ма деп сұрады.

"Өздеріңіз білесіздер, ертең түрлі факторлар болып қалуы мүмкін. Оны болдырмау үшін жұмыстарды жасап жатырмыз. Сондықтан (қант экспортына) тыйым салдық, оны тоқтаттық. Бүгінде 90 мың тонна қант 2,5-3 айға жетеді", - деп түсіндірді Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу