Ондағы мәлеметтерге қарағанда, халықтың инфляциялық күтулері қазіргі инфляциялық процестерді жоғары қабылдағандықтан төмендей бастаған.
"Кәсіпорындардың инфляциялық күтуі жоғары деңгейде сақталып отыр. Бұл ретте дайын өнім бағасының өсу қарқыны баяулайды деген болжам бар. Халық арасында жүргізілген сауалнама қорытындысының дәстүрлі шолуы, сондай-ақ қабылданатын және күтілетін инфляцияның медианалық бағалауымен, халықтың тұтынушылық көңіл-күй индексімен, сонымен қатар нақты сектор кәсіпорындарының инфляциялық күтулерімен толықтырылды", – деп жазды ведомство.
Сауалнаманың қорытындысы толығырақ Ұлттық банктің ресми интернет-ресурсында берілген.