Дайын тұрғын үйді беруге кедергі келтірген

792

Барлық тиісті құжатты болса да, жергілікті уәкілетті органдар, нысанды қолданысқа енгізуге рұқсат бермеген.  

Дайын тұрғын үйді беруге кедергі келтірген

Көкшетауда 9 қабатты тұрғын үй өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің көмегінен кейін ғана қолданысқа берілді, деп хабарлайды Аtameken Business. Оған дейін жергілікті атқарушы органдар құрылыс компаниясына рұқсат бермей, себепсіз кедергі келтірген. "Отау-құрылыс" серіктестігі бірнеше жыл бұрын "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп, баспана салуды жоспарлайды. Ортақ келісімшарт та болады. Алайда Көкшетау қалалық әкімдігі өздеріне алған міндетті орындамайды, яғни, инженерлік желілерді тартпайды. Осылайша, келісім күшін жояды. Құрылыс компаниясы несие алып, ғимараттың құрылысын аяқтайды. Серіктестікте барлық тиісті құжаттары болса да, жергілікті уәкілетті органдар, нысанды қолданысқа енгізуге рұқсат бермеген.  Бұл мәселе кәсіпкерлер палатасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бірлескен жобасының аясында шешімін тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу